Жапонияның солтүстік-шығысындағы Иватэ провинциясының жағалауында магнитудасы 5,9-ға тең күшті жер сілкінісі тіркелді. Сейсмологтар дүмпулердің қайталануы мүмкін екенін ескертуде. Бұл туралы Жапонияның Бас метеорологиялық басқармасы хабарлады.
Жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Жерасты соққыларының ошағы Иватэ провинциясының шығыс жағалауында, шамамен 50 шақырым тереңдікте орналасты. Алғашқы мәліметтер бойынша, магнитудасы 5,9-ға жеткен.
Жер сілкінісінің күші елдің солтүстік-шығысындағы Иватэ, Аомори және Мияги провинцияларында қатты сезілді. Жапониядағы 7 баллдық ұлттық сейсмикалық шкала бойынша дүмпу қуаты 4 балдан жоғары деп бағаланды.
Жапония билігі жерасты соққыларынан кейін теңіз деңгейінің сәл өзгеруі мүмкін екенін, бірақ тұрғындар үшін цунамидің тікелей қаупі жоқтығын мәлімдеді.
Қазіргі сағатта төтенше жағдайдан зардап шеккендер немесе ғимараттардың қирауы туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Жедел қызметтер мониторинг жүргізуде.
Метеорологиялық басқарма мамандары алдағы бір апта бойы, әсіресе жақын күндері дәл осындай қуатты дүмпулердің болу қаупі жоғары екенін ескертіп, жергілікті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.
Оқиға аймағындағы инфрақұрылым объектілері мен көлік қатынасының жағдайы бақылауда.
Тегтер #Жапония #жер сілкінісі #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz