Швеция ұлттық қорғанысты күшейту мақсатында Франциядан төрт әскери кеме сатып алады. Келісім құны төрт миллиард доллардан асады.
Жоспар бойынша алғашқы кемелер 2030 жылға қарай жеткізіледі. Үкімет басшысының айтуынша, бұл — 1980 жылдардан бергі Швецияның ең ірі әскери инвестициясы. Билік Балтық теңізінің қауіпсіздігіне ерекше мән беріп отыр. Бұл жаңалықтан кейін еуропалық қорғаныс компанияларының акциялары өсті. Инвесторлар NATO елдеріндегі әскери шығындардың артуы алдағы жылдары сала жұмысын жандандыратынын айтады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Швеция #ФранцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz