АҚШ шабуылды қайта бастаса, Иран қарап отырмайды.
Қақтығыс аумағын кеңейтеді. Ислам революциясының сақшылар корпусы осылай деп мәлімдеді. " Қарауылға Ираннан шалғайда орналасқан американдық әскери базалар ілінуі мүмкін" деді ол. Бұған дейін Дональд Трамп Тегеранның қақтығысты реттеу жөніндегі жаңа ұсыныстарын алған соң Ислам Республикасын бомбалауды қайта бастауы ықтималдығын айтқан еді. Ақ үй өкілдерінің сөзінше, жаңа шарттардың бұрынғы талаптардан еш айырмашылығы жоқ. Дегенмен, Құрама Штаттардың президенті тараптар арасындағы келіссөздер сәтті жүріп жатыр деп хабарлаған.
Тегтер #Таяу Шығыс #АҚШ #Иранмен соғыс #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz