RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Иран маңына тағы екі кемесін орналастырды

21.05.2026, 11:13 37

АҚШ Иранға таяу маңға лазерлі қаруы бар, зымыран атқыш 2 кемесін орналастырды.

Ол парсы елінің оңтүстік-шығысына қарай Арабия теңізінде тұр. Бұл туралы Құрама Штаттардың Әскери-теңіз күштеріне сілтеме жасап, "Уо Зоун" ((War Zone)) басылымы хабарлады. Лазерлі қарулар дрондарды шатастыру үшін қолданылады. Сонымен қатар олар барлау жүйелерінің камералары мен кемелеріне, сүңгуір қайықтардың көздеу құралына кедергі жасай алады. Қазір Арабия теңізінде АҚШ-тың 20-дан астам әскери кемесі бар. Олардың екеуінде ұшақтар, үшеуінде десанттар бар. Олар Иранның теңіз айлақтарын торуылдап жүр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz