RU
Толық нұсқаға өту
Фото: AFP via Getty Images

Үш мектептен 50-ден астам бала ұрланды: қарулы адамдар оқушыларды сабақ үстінде алып кеткен

21.05.2026, 10:50 44

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында мектеп оқушыларын жаппай ұрлау оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 50-ден астам бала із-түзсіз жоғалған, олардың арасында кішкентай балалар да бар, деп хабарлайды  «24KZ» BBC-ге сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, шабуыл 15 мамыр күні таңертең  болған. Бірден үш білім беру мекемесінде, атап айтқанда, Мусса мемлекеттік орта мектебі, Мусса орталық бастауыш мектебі және жалпыға бірдей базалық білім беру мемлекеттік кеңесіне қарасты орта мектепке қарулы адамдар шабуыл жасаған.

Куәгерлер мен жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаруланған адамдар таңғы сағат 09:00 шамасында мектептерге басып кіріп, оқушыларды сабақ үстінде алып кеткен. Кейбір балалар жасырынып үлгергенімен, көпшілігі ұрланған.

Сенатор Мохаммед Али Ндуме ұрланғандардың жалпы саны 42 бала болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, балалардың бір бөлігі мектептен, енді бірі үйлерінен әкетілген.

«GDSS мектебінен төрт оқушы (екі ұл және екі қыз), бастауыш мектептен 28 оқушы, сондай-ақ үйлерінен 10 бала ұрланды. Жалпы саны — 42 адам», — деді сенатор.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жасағандар мотоциклмен жүрген. Куәгерлердің айтуынша, олар оқиға орнынан кетіп бара жатқанда балаларды «тірі қалқан» ретінде пайдаланған.

Жергілікті тұрғындардың бірі қарулы адамдар өзінің 6 жастағы қызын да алып кеткенін айтты.

«Кейбір оқушылар бұталардың арасына тығылып үлгергенімен, көптеген баланың ұрланғанын нақты айта аламын», — деді мұғалімдердің бірі.

Әзірге бұл шабуыл үшін ешбір топ жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Алайда бірқатар БАҚ мұндай оқиғалар аймақта әрекет ететін қарулы және радикалды топтардың шабуылдарына ұқсас екенін жазуда.

Оқиғадан кейін Мусса ауданының кейбір тұрғындары үйлерін тастап кеткен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz