АҚШ Иранға бейбіт келісімнің жаңа жобасын жолдады.
Бұл туралы "Тасним" ((Tasnim)) агенттігі хабарлаған. Бұл іс Пәкістанның араағайындығымен жүзеге асқан. Тегеран құжатты қарап жатыр, әзірге жауап бермеген. Пәкістан 2 тарапты жақындастыруға, екі жақты келісім мәтіндерін сәйкестендіруге күш салып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының ортасында Вашингтон Иранға қақтығысты шешудің 5 жолы көрсетілген жоспар ұсынған. Оған жауап ретінде Тегеран 15 тармақ жолдады. Бірақ Ақ үй оларды қабылдаған жоқ. Иранның талаптарына Америка әскерін аймақтан алып кету, теңіздегі тосқауылды тоқтату және келтірілген зиян үшін өтемақы беру кіреді. Екі ел арасындағы ең басты келіспеушілік ядролық бағдарлама мен Ормуз бұғазын басқару болып тұр.
Тегтер #АҚШ #Тегеран #Таяу Шығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz