RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: Гаитиде 30 мың адам босқынға айналды

21.05.2026, 14:39 25

Гаитиде қайта жанданған қақтығыстар салдарынан 30 мың адам үйінен безіп, босқынға айналды.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеген. Қарулы жанжалдар қылмыстық топтар арасында болып жатыр. Олар жолдарды жауып, көліктерді өртеп, бір-бірімен қырылып әлек. Тұрғындар полицияның дәрменсіздік танытып отырғанын айтады. Тіпті қылмыскерлер тәртіп сақшыларының киімін киіп, бопсалауға көшкен. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы президент Жовенель Моиз қылмыскерлер қолынан қаза тапқан еді. Содан бері қақтығыстар басылар емес. 2024 жылдың басында қаскүнемдер 2 үлкен түрмені басып алып, сотталған 4 мыңнан астам адамды босатып жіберді. Бүгінде қылмыстық топтар ел астанасы Порт-о-Пренстің 85 пайыз аумағын өз бақылауында ұстап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz