RU
Толық нұсқаға өту

Эбола індетінен қаза тапқандар саны артты

21.05.2026, 20:15 27

Конго Демократиялық Республикасы мен Угандада Эбола індетінен қаза тапқандар саны 139 адамға жетті. 

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Дәрігерлер тағы 600 азамат инфекция жұқтырған болуы мүмкін деп отыр. Қауіпті дерт әсіресе Итури және Солтүстік Киву провинцияларында көп тараған. Қазір аймақта қатаң санитарлық бақылау енгізілді. Шекара бекеттерінде жолаушылар көліктен түсіп, қолын жууға, маска тағып, дене қызуын тексертуге міндетті. Ал мамандар вакцина жасап шығаруға тоғыз ай уақыт қажет деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz