Ливанның оңтүстігінде Израильдің әуе соққыларынан 14 адам қаза тапты. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, құрбандар арасында 5 бала мен 3 әйел бар.
Сонымен қатар Маашуқ қаласында Имам Хомейни атындағы басты медицина орталығы бомбаланған. Израиль бұл нысанда «Хезболла» қозғалысының мүшелері болған дейді. Бірақ тұрғындар мұны «жалған ақпарат» деп жоққа шығарады. Медицина орталығы халыққа тегін қызмет көрсетумен айналысқан. Наурыз айынан бері Израиль шабуылдарынан 3 мыңнан астам адам ажал құшып, 9 мыңы жараланған. 1 миллионнан астам ливандық босқынға айналды.
Әли Әл-Абд, Ислам денсаулық ұйымының фельдшері:
- Қаза тапқандардың кім екенін анықтау үшін ДНҚ сараптамасын жасаймыз. Бұдан бөлек, әлі денесі табылмаған адамдар бар. Соларды іздеп жатырмыз.
Израиль Газаны тағы бомбалады
Израиль Газа секторын да бомбалап, 4 адам көз жұмды. Тағы бірнеше тұрғын жараланған. Палестинаның ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Газаның оңтүстігіндегі Рафах және Хан Юнис, сонымен қатар солтүстігіндегі Бейт-Лахия қалалары шабуылға ұшырады. Ресми Тель-Авив әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Израиль #ГазаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz