Еуропалық одақта экономиканың өсімі бәсеңдейді. Биыл "кәрі құрлық" елдерінің жалпы ішкі өсімі 1 пайыздан сәл аспақ.
Бұл жоспарлы межеден 1 жарым пайызға төмен. Мұны Еурокомиссия өкілдері мәлімдеді. Сонымен қатар инфляция деңгейі 3 пайыздан асады. Бұл да бастапқы жоспардан 1 пайызға көп. Экономиканың бәсеңдеуіне Ормуз бұғазындағы кеме қатынасындағы кедергілерден туындаған жанармай бағасының күрт қымбаттауы басты себеп.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Еуропалық Одақ #инфляцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz