RU
Толық нұсқаға өту

Мұнай нарығы терең дағдарысқа тап болады

22.05.2026, 09:30 89

Әлемдік мұнай нарығы осы жазда дағдарысқа тап болады. Мұны Халықаралық энергетика агенттігі ескертті.

Олардың мәліметі бойынша, жанармай дағдарысы тез арада шешімін таппаса, шілде мен тамызда ғаламдық "қара алтын" қоры күрт қысқара бастайды. Басты себеп – Ормуз бұғазының жабық қалуы. Соның кесірінен Таяу Шығыстан мұнай тасымалы шектеліп жатыр. Жағдайды реттеудің бірден бір жолы – Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын жандандыру. Осының алдында мұнай өндіруші елдер нарықты тұрақтандыру үшін стратегиялық қоймаларынан 400 миллион баррель "қара алтынды" шығаруға еріксіз келіскен еді.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz