Париждің аппелляциялық соты Air France компаниясы мен Airbus корпорациясын 228 адам қаза тапқан ұшақ апатына кінәлі деп тапты.
Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасаған "Би-Би-Си" телеарнасы хабарлады. Рио-де-Жанейро әуе рейсіне қатысты қайғылы оқиға 2009 жылы болған. Сот шешімі 17 жылдан кейін қабылданды. Air France пен Airbus аталған бап бойынша ең жоғары сома – 225 мың еуро айыппұл төлейді. 2023 жылы Париждің Түзеу соты әуе компаниялары жолаушылардың өлімі үшін кінәлі емес деген үкім шығарған еді. Кейін прокуратура шағым түсірді. Тергеу мәліметі бойынша ұшақ апатына әуе жылдамдығын көрсететін құрылғының қатып қалуы себеп болған. Бұл экипаждың қате іс-әрекеттер жасауы әкелді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Париж #ұшақ апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz