RU
Толық нұсқаға өту

Трамп ЖИ-ге қатысты жарлықты кейінге қалдырды

23.05.2026, 09:02 27

Дональд Трамп жасанды интеллектіні реттеуге қатысты жарлыққа қол қоюды кейінге қалдырды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

АҚШ президентінің айтуынша, құжаттағы кей талаптар Қытаймен технологиялық бәсекеде Вашингтонның позициясын әлсіретуі мүмкін. Алайда америкалық БАҚ бұған Кремний алқабындағы ірі технологиялық компаниялардың қысымы әсер еткенін хабарлайды. Құжатқа сәйкес компаниялар жасанды интеллектінің жаңа модельдерін іске қоспас бұрын үкіметке ұсынуы тиіс болған. Бұл жүйелерді киберқауіпсіздік тұрғысынан тексеру үшін қажет деп көрсетілген. Алайда технология саласының өкілдері мұндай талаптар бағдарламалардың жұмысына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz