RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде күйзеліске шалдыққандар саны артты

23.05.2026, 09:06 26

Әлемде күйзеліске шалдыққан адамдар саны бір миллиардтан асты. Бұл туралы The Lancet журналында жарияланған зерттеуде айтылған. 

Мамандардың мәліметінше, кейінгі 30 жылда депрессия мен мазасыздық жағдайлары күрт көбейген. Сарапшылар бұл үрдіс еңбек өнімділігінің төмендеуіне және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің артуына әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Зерттеу нәтижесі бойынша, мұндай мәселелер әйелдер арасында жиі кездеседі. Бұған әлеуметтік қысым, теңсіздік пен тұрмыстық зорлық-зомбылық әсер етуі мүмкін. Ал ең осал топ ретінде 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер аталған. Мамандар буллинг пен отбасындағы қиын жағдайлар негізгі қауіп факторларының бірі екенін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz