Қытайлар адам таситын робот сауыт жасады. Ғылыми-фантастикалық туындының мүмкіндіктері алғаш рет көпшілікке таныстырылды.
Механикалық костюмнің ерекшелігі адам оны кисе немесе тізгінге отырса алып күшке ие болады. Бетон қабырғаларды оңай бұзып, ауыр заттарды көтере береді. Бойы адамнан екі есе биік. Шапшаң қимылдайды. Пилот ішінде отырып басқарады. Екі режимде қозғалады. Екі аяқпен қала іші мен тегіс жолдарда еркін жүреді. Ал төрт биік баспалдақтар мен таулы аймақтарда төрт тағандап жүруге икемделеді. Қытай робототехника компаниясы темір сауыт азаматтық көлік құралы ретінде жасалғанын мәлімдеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #роботтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz