Калифорнияның оңтүстігінде өндірістік кәсіпорындағы жарылыс қаупіне байланысты 40 мың тұрғынға эвакуациялану туралы ескерту жасалды.
Билік өкілдерінің мәліметіне қарағанда, Гарденгроув қаласында резервуарлардың бірі істен шығып, зиянды зат сыртқа ағып кеткен болуы мүмкін. Ол пластик өндірісінде және аэроғарыш саласында қолданылатын метилметакрилат, - дейді мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, у ауаға тараса, тыныс алу жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін. Тұрғындарға көрші қалаларда үш эвакуациялық орталық ашылды. Мамандар цистерналарды қашықтан басқарылатын құрылғылар арқылы сумен салқындатып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #эвакуацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz