Қытай 6G интернетті сынақтан өткізуге кірісті. Елдің Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі технологияны жүзеге асыруға ресми келісім берді.
Бұл шешім жекелеген аймақтарда 6G-ді пилоттық режимде іске қосып пайдалануға мүмкіндік береді. Сымсыз технологияның жаңа буыны қазіргіден әлдейқайда жылдам. Мобильді байланыс жүйесі жоғары, орта және төменгі орбита спутниктерімен біріктіріледі. Осының арқасында адамдар кез келген жерде және қалаған уақытында телекоммуникациялық қызметке қол жеткізе алады. Мамандар тіпті «шөл, дала, орман, мұхиттардың кез келген нүктесінен байланысқа шығуға мүмкіндік береді», - дейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #интернетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz