RU
Толық нұсқаға өту

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті оққа ұшты

24.05.2026, 09:00 48

Ақ үй маңында қарулы шабуыл болып, күдікті оқиға орнында көз жұмды.

АҚШ Құпия қызметінің мәліметінше, оқиға жергілікті уақытпен кешкі алтылар шамасында болған. Қолында қаруы бар азамат бақылау бекетіне жақындап, кенет оқ жаудырған. Қауіпсіздік қызметкерлері қару қолданып, күдіктіні атып тоқтатқан. Кейін оның ауруханада дүниеден өткені хабарланды. Атыс кезінде бір адам оқ жарақатын алған. Дональд Трамп сол кезде Ақ үйде болған, зардап шеккен жоқ деп мәлімдеді Президенттің кұпия қызметі. Қазір оқиға орнында Федералды тергеу бюросы мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz