Қытай тайконавты бір жыл бойы ғарышта жалғыз өмір сүреді.
Осылайша ғалымдар адамзат баласының ғарыш жағдайына бейімделу шегін анықтап, ағзадағы өзгерістерді кешенді түрде зерттейді. Бұдан бөлек жүзден астам ғылыми жұмыстар жоспарланған. Оның ішінде ұрық және сирек жер металдарының қорытпаларына қатысты тәжірибелер де қамтылған. Жоба «Шэньчжоу-23» миссиясы аясында жүзеге асырылады. Экипаж мүшелерінің қайсысы бұл тапсырмаға тағайындалатыны әзірге белгісіз. Кеме бүгін Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылады.
Тегтер #Қытай #астронавт #ғарыш #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz