RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда электр қуаты мен газ ұрлығы тиылмай тұр

24.05.2026, 16:50 28

Өзбекстанда өткен 4 айдың ішінде құны 16 млн 321 мың доллардың газы мен электр қуаты ұрланған. Полиция осындай 885 фактіні анықтады. 

«Өзэнерго инспекцияның» ақпаратына сәйкес жеті күнде 1,8 млн текше метр көгілдір отын ұрланып, салдарынан 5,45 млрд сум, яғни 420 мың доллар мемлекетке залал келді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан электр энергиясын заңсыз қосып, пайдалану фактілері тыйылмай тұр. Салдарынан 32 жарым млрд сум шамамен 2,5 млн доллар шығын келген. Анықталған деректер негізінде 1600-дей әкімшілік хаттама толтырылды. Еске салайық, былтыр газ бен электр энергиясын заңсыз пайдаланған өзбекстандықтар мемлекетке 108 млн доллар шығын келтірген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz