RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістандағы жарылыстан 24 адам көз жұмды

24.05.2026, 16:59 30

Пәкістанда жолаушылар мінген пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты. Тағы 50 адам жарақат алды. 

Пойыз ішінде әскери қызметкерлер мен олардың отбасы болған. Associated Press мәліметіне сүйенсек оқиға Белуджистан провинциясының астанасы Кветтада болған. Үш вагон рельстен шығып, тағы екеуі аударылған. Алдын ала ақпар бойынша, жарылысты террористік топ ұйымдастырған. Алайда олар жарылыс үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Қазір оқиға орнында қауіпсіздік органдарының адамдары мен құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz