АҚШ-Иран келісімі 95%-ға дайын. Мұны Fox News басылымы хабарлады.
Алайда тараптар Тегеранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазының мәселесіне қатысты түпкілікті нәтижеге келе алмай отыр. Дональд Трамп нақты келісімге келмейінше, Ормуз бұғазындағы блокаданы жалғастыратынын мәлімдеді. Washington Post басылымының ақпаратына сүйенсек, Иран меморандум аясында бұғаздағы кеме қатынасын 30 күн ішінде қайта қалпына келтіруге тиіс. Ал 8 сәуір күні күшіне енген атысты уақытша тоқтату режимі тағы 60 күнге жалғасады. Тараптар ядролық мәселені талқылауды кейінге шегеруі мүмкін. Өйткені Тегеран байытылған уранды Вашингтонға беруден бас тартып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz