Қытай Америкадан Тайваньға қару-жарақ сатпауды талап етті. Көрші ел бұл аймақпен ресми байланыстың болуына үзілді-кесілді қарсы.
Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ екі-жақты қарым-қатынасты тұрақты әрі сенімді дамытуды ойласа, Тайвань сепаратистік күштеріне қате белгі беруді тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ жуырда екі елдің басшылары қол жеткізген маңызды келісімдерді толық орындауға және өз міндеттелемелері мен мәлімдемелерін атқаруға шақырды.
Го Цзякунь, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
-Қытай АҚШ пен Тайвань арасында ресми алмасудың болуына қарсы және аралға америкалық қарудың сатылуына жол бермейді. Қытай АҚШ-ты екі елдің басшылары қол жеткізген келісімдер мен міндеттемелерді орындауға шақырады. Тайвань бұғазында бейбітшілік пен тұрақтылық сақталсын десе, оны нақты әрекетпен көрсетуі тиіс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #АҚШ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz