Дональд Трамп бірқатар мұсылман елін Ибраһим келісіміне қосылуға шақырды.
Өткен аптада Ақ үй басшысы Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Пәкістан, Түркия, Мысыр, Иордания және Бахрейн елдерінің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Axios басылымы. Әңгіме барысында Америка президенті АҚШ пен Иран келісімге келіп, соғыс аяқталған соң, Ибраһим келісіміне мүше емес мемлекеттер ұйымға еніп, Израильмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға тиіс екенін айтты. Ибраһим келісімі Израиль мен бірнеше Араб елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған. Құжат 2020 жылы Құрама Штаттардың арағайындығымен күшіне енді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Трамп #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz