RU
Толық нұсқаға өту

Диқандарға 402 мың тонна дизель жеткізіледі

25.05.2026, 09:40 54

Энергетика министрлігі егіс науқанына арналған дизель отынын көк, сары және қызыл түстерге бояу жүйесін енгізді.

Бұл отынды бөлудегі ашықтықты қамтамасыз етіп, қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жүйесінде виртуалды қойма құрылды. Қабылданған шаралар арқасында отынды мақсатсыз пайдалану дерегі азайды. Яғни нақты тұтыну көлемі 21 пайыз кеміп, 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін төмендеді. Жалпы биыл диқандарға жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна дизель жеткізілуге тиіс. Отынның бір литрінің құны – 263 теңге. Бұл орташа бөлшек саудадағы сомадан 15 пайыз арзан. Бірақ жолдың қашықтығына қарай өңірлік операторлар 281 теңгеге дейін баға белгілеуі мүмкін. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz