Қытай кезекті зымыраның сәтті ұшырды. «Шэньчжоу-23» кемесі елдің солтүстік-батысындағы ғарыш айлағынан көкке көтеріліп, жер орбитасына шықты.
Бортта үш тайконавт бар. Миссия аясында ғылыми және медициналық зерттеулер жүргізіледі. Экспедиция мүшелерінің бірі ғарышта бір жыл бойы болады. Осы уақыт ішінде ғалымдар салмақсыздықтың адам ағзасына әсерін зерттеп, ғарыш жағдайына бейімделу мүмкіндігін талдайды. Мамандардың айтуынша, бұл тәжірибе Қытайдың "Ай" бағдарламасы үшін маңызды. Бейжің пилотталған Ай миссиясын 2030 жылға қарай жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #зымыран #ғарышPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz