АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты оң мәлімдемелерден кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы 6%-ға арзандады.
Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 98 долларға дейін түсті. Ал WTI мұнайы 90 долларға дейін арзандаған. Сарапшылардың айтуынша, бағаның төмендеуіне Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуі әсер етуі мүмкін. Бұған дейін Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран бірқатар бағыт бойынша өзара түсіністікке жақындағанын мәлімдеген еді. Алайда кейін тараптардың негізгі мәселелер бойынша әлі келісімге келмегені белгілі болды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Иран #мұнайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz