RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-Иран келіссөздері жалғасып жатыр

25.05.2026, 19:31 33

АҚШ пен Иран түпкілікті бейбіт бітімге келуден күдер үзген жоқ.

Екі елдің арасында келіссөздер әлі жалғасып жатыр. Әзірге уақытша келісім, Ормуз бұғазын ашу және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер талқылану үстінде. 

Ирандағы соғыстың жағрафиясы кеңеюуі мүмкін. Бұл туралы рухани көсемнің аға кеңесшісі мәлімдеді. Тегеран Трапм талап етіп отырған "Байытылған ураннан бас тарту шартын" қабылдамайтынын тағы да айтты. Ал АҚШ-тың әскери кемелері Иранның теңіз айлақтарын қоршап, ұстап жатыр. 

Мохсен Резайи, Иран рухани көсемінің аға кеңесшісі:

"Біз осы уақытқа дейін шыдап келдік. Енді АҚШ-тың теңіздегі тосқауылын бұзамыз. Ең басты айтарым – біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуымыз мүмкін. Бұл қауіп нені білдіретінін білесіз бе? Егер біз ол шарттан шықсақ, сіздерге не болатынын білесіз бе? Сондықтан теңіздегі тосқауылдан өздеріңіз бас тартыңыздар. Сіздер тек Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағынан ғана емес, сонымен қатар Қызыл теңіз бен Үнді мұхитынан қашып кетесіздер".

ҮНДІСТАН 

Үндістанда жұмыс сапарында жүрген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен келіссөздерде дипломатияға басымдық беріп отырғанын алға тартады. 

Марко Рубио, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

"Біз Иранмен келіссөздер бойынша әлі жұмыс істеп жатырмыз. Талқыланып жатқан ең басты мәселе – Ормуз бұғазын аштыру. Ядролық бағдарлама бойынша мәселе де өте маңызды. Бірақ уақыт өте шектеулі. Біздің ұстанымды Парсы шығанағы, жалпы әлем қолдап отыр. Біздің президент Трамп жаман келісім жасамайды. Сондықтан не болатынын көреміз. Израильдің өзін қорғауға құқы бар". 

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "Трамппен сөйлесіп, Иранмен жасалуы мүмкін келісімде ядролық қауіп-қатерді біржола алып тастау туралы түпкілікті келіскенін" мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен Израильдің Иран мәселесінде ұстанған саясаты бірдей. Бірақ Израиль оппозициясы "Нетаньяху сәтсіздікке ұшырап жатыр" деп сынады. 

ҚҰДЫС

Яир Лапид, Кнесеттегі оппозиция басшысы:

"АҚШ пен Иран арасындағы келісімнің егжей-тегжейі әлі күнге дейін түсініксіз. Біз осыған қатты алаңдап отырмыз. Бұл 2 нәрсені білдіреді: біріншіден, Иранмен соғыс әлі толық аяқталған жоқ. Екіншіден, Нетаньяхудың барлық әрекеті сәтсіздікке ұшырап жатыр. Көптеген шешімдер Израильдің қатысуынсыз қабылданып жатыр. Нетаньяху мен оның үкіметі шешім қабылдау ісіне әсер ету мүмкіндігінен айырылды.

Иран Ислам төңкерісі сақшылары корпусының әскери-теңіз күштері нақты әрекет етіп жатыр. Олар кейінгі 24 сағат ішінде Тегеранды қолдайтын немесе бейтарап елдердің 33 сауда кемесін Ормуз бұғазынан өткізген. 

Ернат Қашқынов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz