Инвесторлар АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісімге үміт артып отыр.
Осыған байланысты Азия, Еуропа және АҚШ-тың нарықтарындағы акциялар мен фьючерстер қымбаттады. Мұнай бағасының төмендеуі де нарыққа қосымша қолдау болды.
Азия қор нарығында өсім байқалды
Апта басында Азия қор нарығында өсім байқалды. Жапонияның Никкей ((Nikkei 225)) индексі алғаш рет 65 мың пункт межесінен асып, үш пайызға жуық өсті. Ал Топикс (( TOPIX )) индексі бір күнде 1,29 пайыздық өсім көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіске АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердегі ілгерілеу әсер еткен. Сонымен қатар Таяу Шығыс мұнайының импортына тәуелді Күншығыс елі үшін бұл қолдау болды. Бұған қоса технологиялық сектордағы белсенділік те нарық өсіміне ықпал етті. Тайванның Тайэкс ((Taiex)) индексі тарих бойынша ең жоғары көрсеткішке жетіп, 3,26 пайызға ұлғайды.
АҚШ инвесторлары оң өзгеріс байқады
Кейінгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ-тың қор индекстері оң өзгеріс көрсетті. Доу Джонс ((Dow Jones Industrial Average)) индексі шамамен бір пайызға өсіп, сауданы 50 500 пункт деңгейінде аяқтады. Эс-анд-Пи ((S&P 500)) 500 индексі 0,37 пайызға көтеріліп, 2023 жылдан бергі ең ұзақ апталық өсім көрсетті. Америкалық индекс сегіз апта қатарынан жоғарылап келген. Ал Насдак ((Nasdaq Composite)) 0,19 пайызға артты. Сарапшылар нарықтағы бұл үдерісті Иран төңірегіндегі қазіргі жағдаймен байланыстырады. Fox News телеарнасының мәліметінше, Уашингтон мен Тегеран арасындағы келісімнің 95 пайызы мақұлданған. Қазір тараптар Иранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазына қатысты әлі де пікірталас жүргізіп жатыр. Инвесторлар нарықтағы ахуал тұрақталады деп үміттеніп отыр.
Еуропалық акциялар өсті
Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері де өсім көрсетті. Stoxx Europe 600 0,73 пайызға көтерілді. Ұлыбританияның Футси ((FTSE)) 100 индексі 0,22, Германияның DAX индексі 1,15 пайызға өсті. Францияның КАррант ((CAC)) 40 индексі 0,37 пайызға жоғарылады. Италияның FTSE MIB индексі 0,7 пайыз өссе, Испанияның IBEX 35 индексі 0,06 пайызға артты. Ал Softcat компаниясының акциялары жылдық табыс болжамына оң әсер еткен. Сәйкесінше Еуропалық жиынтық индекстегі ең жоғары өсімді көрсетті. Компания акциялары 13 пайызға жуық қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, инвесторлардың қазіргі әрекеті Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға тікелей байланысты. Нарықтағы кез келген өзгеріске келіссөздер әсер етеді. Әлем бойынша акционерлер жағдайды мұқият бақылап, статистикалық деректерді шапшаң бағалап отыр.
Нұрбике Жігер, Асель Абдыкалыкова
Тегтер #әлемдік қор #нарық #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz