RU
Толық нұсқаға өту

Угандада Эбола вирусын жұқтырғандар саны артты

25.05.2026, 23:43 27

Угандада тағы екі медицина қызметкері Эбола вирусын жұқтырған.

Науқастар саны 7-ге жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қауіпті індет жұқтырғандардың барлығы Уганда азаматтары. Қазір олар ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, Эбола безгегінің негізгі ошағы көршілес Конго Демократиялық Республикасының Итури провинциясында тіркелген. Індет салдарынан 220 адам көз жұмды, тағы 900-ден көп тұрғын инфекция жұқтырған болуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz