RU
Толық нұсқаға өту

Меккеде қауіпсіздік күшейтілді

26.05.2026, 07:51 41

Сауд Арабиясы қауіпсіздік шараларын бұрынғыдан да күшейтті. Әуе шабуылынан қорғану жүйелері іске қосылды. 

Саудия билігі Мекке мен қала маңына 15 мың бейнебақылау камерасын орнатты. Мұның барлығы жасанды интеллекті арқылы жұмыс істейді. Яғни камералар алдымен адам көп жиналған аумақты аңдиды. Бұл бір жағынан кісі кептелісін тежейді. Бұдан бөлек, озық технология қажыларды түрлі қасиетті орындарға апаратын 20 мыңнан аса автобустың жүріс-тұрысын жіті бақылайды. Биыл 1 миллион 600 мың жан қажылық парызын атқарады деген хабар бар. Ал біздің елден қасиетті Меккеге 4 мың адам барған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz