RU
Толық нұсқаға өту

БАӘ-де полиция көлігін жасанды интеллект басқарады

26.05.2026, 08:12 32

Біріккен Араб Әмірліктері пилотсыз патрульдік полиция қызметін кезең-кезеңімен іске қоса бастады. 

Енді елдегі көлік қозғалысын қатардағы қызметкерлермен қоса, роботты жүйелер бақылайды. Өздігінен жүретін қондырғы заң бұзушылықтарды анықтап, деректерді дереу орталықтандырылған базаға жібереді. Бұл техниканың артықшылығы электр тоғынан өзге ештеңе қажет етпейді. Тәулік бойы қызмет атқарады. Әмірлік полициясы автономды жүйелерді туристер жүретін аумақта сынап көрген. Енді ірі мегаполистердің өзге де аумақтарында кеңінен қолдануға көшті.

Абдулрахман Мохаммед Бин Фахд, Дубай полиция басқармасының қызметкері:

- Бұл көліктерді негізінен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылауға қолданамыз. Жасанды интеллектпен жұмыс істейді. Деректерді жедел түрде жинақтап, орталыққа жолдайды. Барлық мәлімет өңделген соң тиісті шешімдер шығарылады. Бір парасын тұрғын аумақтарда, енді бір легін шөлейтті жерлерде іске қостық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz