Елде соғыс басталғалы бері тұрғындар ғаламдық желіден қол үзіп қалған еді. Енді қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Президент Масуд Пезешкиан арнайы қарар қабылдап, байланыс министрлігіне тапсырма берді. Салалық мониторинг қызметтерінің дерегіне сәйкес Ислам республикасы тұрғындарының басым бөлігі 87 күн бойы интернетсіз отырған. Тек VPN-сервистерін пайдаланғандар бар, бірақ олардың саны көп емес. Онлайн-сауда жасап отырған 1 миллион ирандықтың саудасы тоқтап, кірісі едәуір азайған. Әуелде шектеулер үкіметке қарсы наразылықтар кезінде енгізілген болатын. Кейін Иранның АҚШ пен Израильмен әскери қақтығысына байланысты күшейтілді.
Тегтер #Иран #интернет #соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz