Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Ливанға соққыны күшейтуді бұйырды. Израиль үкімет басшысы әлеуметтік желіде бейнеролик жариялады.
Хезболламен соғысып жатқанын айтып, қозғалыс өкілдерін талқандауға ниетті екенін жеткізді. Өткен айда Тель-Авив пен Бейрут оқ атпауға келіскен. Таяуда келісімнің мерзімін де ұзартқан еді. Десе де ЦАХАЛ Бекаа аңғары мен Ливанның оңтүстігіне шабуыл бастайтынын мәлімдеді. Израиль әуе күштері Клайла муниципалитетіндегі орманға құрамында фосфор бар снаряд тастаған. Соның салдарынан ауыл шаруашылық жерлері, цитрус бақтары өртенді. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың мәлімдемесінен соң, ливандықтар Бейруттан да кете бастады. Кейінгі дерек бойынша, 2 наурыздан бері Израиль мен Хезболла арасындағы қақтығыстан Ливанда 3 185 адамның өмірі қиылған.
Тегтер #Израиль #Ливан #соққыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz