Эбола індеті өршіп барады. Бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдаулы.
Жағдай әсіресе Конго Демократиялық Республикасында ушығып тұр. Бұл елде ауру жұқтырғандар саны 101-ге жетті. Ал ауру белгілері анықталған, бірақ нақты диагнозы қойылмаған 220 науқас көз жұмды. Олардың дені Итури және Солтүстік Киву тұрғындары. Ауру көршілес Угандаға да жетіп, екі адам қайтыс болды. Тағы жетеуі вирус жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы бірқатар елге санитарлық бақылауды күшейтуді жүктеді. Аурудың тез таралу қаупі жоғары. Өйткені вирусқа қарсы арнайы екпе жоқ.
Тегтер #ДДСҰ #Эбола #індетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz