Қытай Жапонияға сирек кездесетін металдарды экспорттауды тоқтатты. Осы арқылы көршісінің қарулы күштері мен әскери инфрақұрылымының артуына тосқауыл қойуды көздейді.
Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді. Осылайша, Қытай билігі қос мақсатта пайдалануға болатын тауар түрлерінің экспортын қатаң бақылауға алды.
Ресми Бейжің жапондықтардың әскери әрекеттері аймақтық бейбітшілікке қауіп төндіріп тұр деп санайды. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықты аса қырағылық танытуға шақырып отыр.
Мао Нин, Қытайдың СІМ ресми өкілі:
- Бұл маңызды шешім. Қытай Жапонияның ремилитаризациясын және оның ядролық қаруға деген талпынысын тежеу үшін осындай қадамға барып отыр. Бұл қадам заң мен ережелерге сай жасалды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #ЖапонияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz