Бангладеште қызылша ауруы өршіп тұр. 15 наурыздан бері індеттен 512 бала көз жұмған. Кейінгі тәуліктің өзінде 13 бала жан тапсырды.
Қазір ауруханалар лық толы. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі жансақтау бөлімдерінде орын жетіспейді деп дабыл қақты. Енді Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Бангладеш билігі вакцинация науқанын бастады. Жұқпалы дерт одан әрі өршімес үшін халықтың 95%-на екпе салу қажет.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бангладеш #қызылшаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz