Азық-түлік тапшылығы Эбола вирусын өршітіп жіберуі мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымы осындай мәлімдеме жасады.
Жағдай әсіресе Конго Демократиялық Республикасы мен Угандада күннен күнге қиындап барады. Бұл тұста сарапшылар гуманитарлық көмекті уақытылы жеткізу маңызды дейді. Өйткені тұрғындар ас-су іздеп, басқа аймақтарға көше бастаған. Бұл - вирустың таралу қаупін күшейте түседі. Кейінгі дерек бойынша, мыңға жуық адам ауру жұқтырып, 220-дан астамы көз жұмған. Қауіпті дерт сирек кездесетін штаммнан тарағаны белгілі. Ал індетке қарсы вакцина мен арнайы ем әзірге табылмай отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БҰҰ #ЭболаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz