RU
Толық нұсқаға өту

Таиланд Эбола безгегіне байланысты карантин енгізеді

27.05.2026, 11:30 36

Таиланд Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадан келетін жолаушыларға карантин енгізеді.

Ол 21 күнге жалғасады. Кейінгі аптада Эбола вирусы өршіп тұрған елдерден келушілер саны екі есе көбейген. Енді жолаушылар арнайы инфекциялық орталықтағы карантинге жіберіледі. Билік өкілдері жаңа ереже күшіне енгеннен кейін, алғашқы 72 сағат ішінде келген азаматтардың шығынын көтеретінін мәлімдеді. Кейінгі дерек бойынша мыңға жуық адам ауру жұқтырып, 220-дан астамы көз жұмған. Ал қауіпті дертке қарсы вакцина мен арнайы ем әзірге табылмай отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz