Канада Эбола вирусынан қорғану мақсатында шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр.
30 мамырдан бастап Конго Демократиялық Республикасы, Уганда және Оңтүстік Суданнан келген азаматтар 21 күндік карантинге жабылады. Ауру белгілері анықталған жағдайда саяхатшылар тексерістен өту үшін ауруханаға жіберіледі. Бүгіннен бастап Канада вирустың таралу қаупі жоғары елдердің тұрғындары үшін бірқатар иммиграциялық құжаттарды уақытша тоқтатады. Шаралар бұған дейін берілген визаларға да қатысты болмақ.
Тегтер #Канада #Эбола #қорғану #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz