Нәрестелердің біреуі ұл, төртеуі қыз бала.
Сәбилерді 26 жастағы Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының тұрғыны өмірге әкелді. Бөбектердің бәрі шала туған. Ең кішісінің салмағы 870 грамм, ал үлкені бір келіден сәл асады. Бірақ бұл бесемдер табиғи жолмен өмірге келді. Мұндай жағдай дүние жүзінде өте сирек кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, дәл осындай бала туу ықтималдығы 60 миллионнан біреуі ғана сәйкес келетін көрінеді. Шақалақтар 86 күннен кейін көпшілікке көрсетілді.
Чжао Дунчи, Ужуннань ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Оңай болған жоқ. Нәрестелер ішкі құрылыстары мен иммундық жүйесі жетілмеген күйде туылды. Бастапқыда өздіктерінен тыныс ала алмай көп қиналды. Одан кейін қан айналымы дұрыс болмай шықты. Арнайы аппаратта сақтап бақыладық. Бәрі сәтті шықты деп айтуға әлі ерте. Ең алдымен созылмалы аурулардың бар-жоғына көз жеткізуіміз керек.
Тегтер #Қытай #бес бала #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz