RU
Толық нұсқаға өту

Ресейде СПОТ жүйесі енгізілмек

27.05.2026, 18:04 40

1 маусымнан бастап Ресейде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен әкелінетін өнімдерге қатысты тауарларды күтуді растаудың ресейлік жүйесін енгізу жоспарланған. 

Қазіргі уақытта СПОТ деп аталатын жүйе ерікті негізде тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Ресей тарапының мәліметінше, бұл тауар жеткізілімін алдын ала растауға және өзара сауданың ашықтығын арттыруға, тауар айналымының заңдылығын бақылауға, сондай-ақ жанама салықтарды әкімшілендіруге бағытталған механизм. СПОТ аясында ресейлік импорттаушы тауардың алдағы жеткізілімі туралы құжатты алдын ала рәсімдеуі, кепілдік төлем енгізуі және жеткізілімнің заңдылығын растайтын QR-код алуға тиіс. Құжат Ресей аумағына тауар кіргізілгенге дейін кемінде екі күн бұрын рәсімделуі қажет. Барлық қажетті рәсімдерден кейін QR-код қалыптасады. Оны бақылаушы органдар тексереді. Бұл жүйеге импорттаушылар, тасымалдаушылар, экспедиторлар, делдалдар мен жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыратын жүргізушілер тіркелуге тиіс. СПОТ жекелеген тауар санаттарына қолданылмайды. Олардың ішінде мұнай және мұнай өнімдері, электр энергиясы, жеке пайдалануға арналған тауарлар және транзиттік жүктер бар. Сондықтан Ресейге тауар экспорттаушы қазақстандықтар, құжаттарды уақытылы рәсімдеуге ресейлік серіктестермен және импорттаушылармен өзара іс-қимылға, жаңа рәсімдерді ескере отырып логистикалық процестерді дайындауға мән беріп, нормативтік талаптардағы өзгерістерді тұрақты бақылап отыруы керек. Себебі алдын ала рәсімделген QR-кодтың болмауы шекарадан өту мерзіміне және логистикалық процестерге әсер етуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz