Израиль қорғаныс армиясы Оңтүстік Ливан жұртын эвакуациялануға шақырды. Ондағы 300-ге жуық елдімекен мен ауылды соғыс қимылдары жүргізілетін аймақ деп жариялады.
ЦАХАЛ жергілікті тұрғындарға шекарадан 40 шақырымдай жерде орналасқан Захрани өзенінен солтүстікке қарай көшуге бұйырды. Израиль әскерилері «Хезболланы» 17 сәуір күні күшіне енген атысты уақытша тоқтату режимін бір емес, бірнеше рет бұзды деп айыптады. Осы себепті алдағы уақытта Ливан аумағына шабуылдарды күшейтетінін мәлімдеді. Бір күн бұрын олар Тир қаласына шабуылдаған еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Израиль #ЛиванPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz