Таяу Шығыстағы қақтығыс Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бизнеске ауыр тиді. Әсіресе шағын және орта кәсіп қиындыққа тап болды.
Наурыз айынан бері әмірлікке баратын туристер азайды. Сауда орындары, мейрамхана мен қонақүйлердің шығыны көбейіп, қарызы өскен. Көлік-логистика компаниялары да тығырыққа тірелді. Сарапшылардың айтуынша, кеме қатынасының қымбаттауы мен сақтандыру шығындарының өсуі бизнеске ес жиғызар емес. Сол себепті көптеген компания жұмысын тоқтатып, кәсіпкерлік нысандарын сата бастаған.
Яс Сейдан, бизнес сарапшы:
- Әмірлік билігі бизнесті қолдау үшін бірқатар жеңілдік шараларын қолға алды. Бұл көмек кәсіпкерлердің шығынын азайтып, қаржы айналымын сақтап қалуға жол ашуы мүмкін. Мемлекеттің қолдауы бизнес иелерінің сенімін сақтап, экономикалық белсенділікті қалпына келуіне ықпал етеді. Бір айта кетерлігі, аймақтық тұрақсыздыққа араб әмірліктерінің еш қатысы жоқ. Соған қарамастан, үкімет кәсіпкерлер мәселесін назарадан тыс қалдырмайтынын аңғартты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #БАӘPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz