АҚШ-та егін шаруашылығы тұралап тұр.
Бұған Иранмен арадағы қақтығыс себеп. Жағдай әсіресе Дакота, Небраска және Кентукки штаттарында күрделі. Бұл өңірлерде жанармай бағасы екі есеге өскен. Салдарынан фермерлердің шығыны артып, күнкөрісі қиындады. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл саладан түсетін табыс мөлшері 25 пайызға аз болады деп болжап отыр. Ормуз бұғазы жабылғалы әлемдік нарықта тыңайтқыш бағасы 20-30 пайызға қымбаттады. Бұл жаһан бойынша егіннің түсіміне кері әсер етуі мүмкін.
Тегтер #АҚШ #егін шаруашылығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz