RU
Толық нұсқаға өту

Кубада су тапшылығы күшейді  

29.05.2026, 09:15 62

Кубаның 3 миллионға жуық тұрғыны судан тарығып отыр. Бұған елдегі ірі энергетикалық дағдарыс себеп. 

Associeted Press мәліметтеріне қарағанда, Кубадағы сумен жабдықтау жүйесі 37% ғана отынмен қамтамасыз етілген. Жанар-жағармай тапшылығы сорғы станциялары мен тазарту жүйелерінің жұмысын тұралатты. Тәулігіне 20 сағатқа дейін жарықтың өшуі жағдайды одан әрі ушықтырды. Осының кесірінен су үзіліспен беріледі. Тұрғындар тіршілік нәрін сағаттап күтуге мәжбүр. Ел билігі дағдарыстан шығу жолы ретінде күн энергетикасына көшуді жеделдетуді жоспарлап отыр. Алайда мұндай жобаларды іске асыруға инвестиция керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz