RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Джефф Безостың зымыраны жарылып кетті

29.05.2026, 09:13 83

Флоридадағы ғарыш айлағында жер үсті сынақтары кезінде миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясына тиесілі New Glenn зымыран тасығышы ұшу алаңында жарылып кетті, деп хабарлайды  «24KZ». 

Бұл апат компанияның жақын арадағы жоспарларын тас-талқан етті: зымыран маусым айының басында Amazon Project Kuiper ауқымды жобасына арналған 48 интернет спутнигін орбитаға шығаруы тиіс еді. Жеңілісті мойындағысы келмеген Джефф Безос қираған инфрақұрылымды тез арада қалпына келтіріп, ұшу жұмыстарын жалғастыруға уәде берді.

Ғарыш бәсекесіндегі басты қарсыласы Джефф Безостың бұл сәтсіздігіне SpaceX иесі Илон Маск бірден әжуамен жауап қатты. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа әрі нұсқа етіп:

 «Зымыран жасау - қиын шаруа», - деп мәлімдеді.

Бұл жағдайдың ең қызықты тұсы - осы жарылыстан бірнеше күн бұрын ғана NASA Масктің емес, дәл осы Безостың компаниясын таңдап алған болатын. Күнәлі Blue Origin компаниясына Айда база салу жобасы аясындағы үш пилотсыз ай миссиясының алғашқысын орындау сеніп тапсырылған еді. Енді сарапшылар Флоридадағы бұл жарылыс АҚШ-тың ай бағдарламасына қалай әсер ететінін қызу талқылап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz