RU
Толық нұсқаға өту

Австралияда карантин мерзімі ұзартылады

29.05.2026, 09:32 54

Австралия билігі хантавирус таралған круиздік кеменің жолаушылары үшін карантин мерзімін ұзартты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сәйкес оқшаулану кезеңі 42 күнге дейін, яғни 23 маусымға дейін жалғасады. Бастапқыда карантин уақыты 5 маусымға дейін белгіленген еді. Бұл шешім шетелде хантавирустың тағы екі жағдайы тіркелгеннен кейін қабылданып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, круиз кезінде қауіпті вирус жұқтырған адам саны 13-ке жетті. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz