Конго Демкоратиялық Республикасында өршіп тұрған Эбола індетіне қарсы күреске қаржы жетпей жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деді. Бүгінде ұйым қажетті қаражаттың үштен бір бөлігін ғана алған. Салдарынан дәрігерлер тапшылығы байқалады. Ал жергілікті тұрғындар гуманитарлық көмекке зәру. Елдегі жағдайды бақылау үшін Конгоға арнайы барған ұйым басшысы халықаралық шараларды үйлестіруді өз қолына алуға ниетті. Оның айтуынша, аурумен күресті республиканың шығысындағы қарулы қақтығыстар қиындатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы серіктестермен бірлесіп, бірнеше вакцина мен емдеу тәсілдерін сынақтан өткізуге әзір. Бұл жұмыстар алдағы айларда ғана іске асуы мүмкін.
Тегтер #ДДСҰ #Конго #ЭболаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz