Түркия алғаш рет өздері жасаған жүрдек пойызды сынақтан өткізді.
Тексеру кезінде қоғамдық көліктің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жетіп, рекордтық көрсеткіш көрсетті. Сегіз вагоны бар пойызға 577 жолаушы сыяды. Түркиядағы қазіргі жүрдек пойыздар негізінен Германия мен Франция сияқты шетелдің технологиясына негізделіп жасалған. Сарапшылар Түркия теміржол саласында технологиялық дербестікке қол жеткізуге басымдық бере бастағанын айтады. Елдің Көлік және инфрақұрылым министрлігінің мәліметіне сәйкес сынақ жұмыстары одан әрі жалғасып, жүйе кезең-кезеңімен жетілдіріледі.
Тегтер #Түркия #жүрдек пойыз #сынақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz